ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан» қарттар арнайы келіп, музей экспозицияларымен танысты.
Қонақтарға музей залдары бойынша танымдық экскурсия жүргізіліп, Жамбыл өңірінің тарихы, археологиялық мұрасы, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінен сыр шертетін құнды жәдігерлер таныстырылды.
Экскурсия барысында қонақтар тарихи жәдігерлерді тамашалап, туған өлкенің өткеніне қатысты қызықты мәліметтермен танысты.
Қариясы бар елдің - қазынасы бар. Аға ұрпақтың өнегесі - кейінгі ұрпаққа аманат!




01 Қазан 2026
29