Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

«Д.ҚОНАЕВ ДӘУІРІ!» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспарланып бекітілген дәріс сабақтарының кестесіне сәйкес, “Тараз-Болашақ” жоғары медициналық колледжінде «Д.Қонаев дәуірі!» атты тағылымды кездесу өтті.

 Аталған шараға Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы – Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, қоғам белсендісі, Жамбыл ауданы Қызылқайнар округінің билер алқасының төрағасы – Сқақов Бегалы Аралбекұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Шағырбаев Бақыт Қысатайұлы қатысып өскелең ұрпаққа Д.А.Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген зор еңбектері туралы тағылымды мағлұмат берді.

 Кездесу соңында әнші Бақыт Шағырбаевтың орындауындағы Димаш атамызға арналған «Дәуір тұлғасы» атты әнімен жалғасын тапты.