Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Жеңіс күні қарсаңында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ залы» мен Бауыржан Момышұлы музейі қызметкерлері тарапынан Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында «Жас сақшы» кабинетінің ашылуына орай оқушыларға арналған жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Көрме барысында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының жеке заттары қойылып, оқушыларға батырдың өмір жолы, әскери ерлігі мен елге сіңірген еңбегі туралы кеңінен ақпарат берілді.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи мұраларды насихаттау және батыр тұлғалардың өнегелі өмірін дәріптеу.