Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

«АБАЙ МҰРАСЫ - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ»

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне №31 орта мектептің оқушылары арнайы келіп, Абай Құнанбайұлына арналған «Абай мұрасы – ұлт қазынасы!» атты фотокөрмені тамашалады.

 Көрме барысында оқушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты фотосуреттермен танысып, Абайдың қазақ әдебиеті мен руханиятындағы орны туралы мағлұмат алды. Оқушылар көрме материалдарын қызығушылықпен қарап, ақынның шығармашылық мұрасы жайлы өз білімдерін толықтырды.

 Мектеп оқушылары үшін музейдің негізгі экспозициялық залдары бойынша танымдық экскурсия да ұйымдастырылды. Экскурсия кезінде балалар Жамбыл өңірінің көне тарихы, археологиялық жәдігерлерімен танысты.

 Музейге жасалған әрбір сапар – өткенді танып, ұлттық құндылықтарды бағалауға бастайтын маңызды қадам. Осындай тағылымды кездесулер оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, рухани-мәдени мұраны құрметтеуге ықпал етеді.