Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай А. Әшімов атындағы шығармашылық орталығында «Балдәурен – балалық шақ» атты көңілді іс-шара ұйымдастырылды.

 Іс-шараға Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің көркемсурет үйірмесінің балалары қатысып, сурет салып, ойындар ойнап, ән айтып, би биледі.

 Балалар көтеріңкі көңіл күймен ерекше әсер алып, мерекені шаттыққа толы сәттермен қарсы алды.

 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қысқа ғұмыр» атты тағылымы мол танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

 Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасының 2 курс білімгерлері қатысты.

 Экскурсияның мақсаты – ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарының тарихи зардаптарын жас ұрпақ санасына сіңіру, жазықсыз құрбан болған азаматтардың өмірі мен тағдырын таныстыру, сондай-ақ тарихи жадыны жаңғыртып, отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу.

 Экскурсия барысында музей қызметкерлері білімгерлерге сол кезеңге қатысты архивтік құжаттар, фотосуреттер, құнды жәдігерлер мен тарихи деректер туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, Алаш зиялыларының өмір жолы мен қоғамдық қызметі, қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлердің тағдыры жөнінде тағылымды әңгімелер айтылып, арнайы тақырыптық экспозиция таныстырылды.

 Білімгерлер тарихи деректермен танысып қана қоймай, өткеннен тағылым алып, тәуелсіздік пен бейбіт өмірдің қадірін терең түсінуге мүмкіндік алды.

 Іс-шара соңында қатысушылар музей ұжымына алғыстарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.

2026 жылғы 18 мамыр күні Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастыруымен Халықаралық музейлер күніне орай «Ғасырға қадам: MUSEUM-95» атты «Музей түні – 2026» мәдени-білім беру акциясы жоғары деңгейде өтті.

«Көне Тараз» этномәдени кешенінде өткен мерекелік шара музейдің 95 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше рухани кеш сыйлады.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жолдаған құттықтау хаты оқылды.

Мерекелік кешке Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы қатысып, мәдениет саласының мамандарына Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, музей ардагерлері мен өлкетанушыларға құрмет көрсетілді.

Кеш аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрының театрландырылған қойылымдар мен тарихи кейіпкерлер көріністері көпшілік назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, айтулы мерейтой аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты бірқатар мекемелер арнайы бағдарламаларын ұсынып, жасанды интеллект технологиялары негізінде дайындалған бейнероликтер мен танымдық жобаларды келушілер назарына ұсынды.

Атап айтқанда:
• Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы
• Тілдерді оқыту орталығы
• Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
• Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы.

«Музей түні – 2026» акциясы тарих пен тағылымды ұштастырған, ұлттық мұраны дәріптеген тағылымды мәдени кеш ретінде көпшілік көңілінен шықты.


✨ «ҒАСЫРҒА ҚАДАМ – MUSEUM 95»

📌 18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдық мерейтойына арналған ерекше мәдени кешке шақырамыз!

📅 18 мамыр 2026 жыл
🕕 18:00 – 22:00 
📍 Тараз қаласы. Төле би 18/5.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы мен Бауыржан Момышұлы музейі генерал-майор Рысбек Көшербаевпен тағылымды кездесу өткізді.

Рысбек Қалкенұлы — ел қауіпсіздігі жолында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарған, әскери салада мол тәжірибе жинаған тұлға. Жамбыл өңірінің тумасы бірнеше әскери академияны тәмамдап, Қазақстан Қарулы Күштері мен Ішкі әскер сапында жауапты қызметтер атқарған.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған «генерал-майор» әскери атағы берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік наградалармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталған.

Кездесу барысында Рысбек Қалкенұлы музейге арнайы келіп, өзіне арналған музей бұрышымен танысты. Батыр тұлғаның өмір жолы мен әскери қызметі — жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін жарқын үлгі.