Жамбылский областной историко-краеведческий музей

«ЗАҢ – ТӘРТІП ПЕН ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ НЕГІЗІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Д.А.Қонаев орталығында «Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі» тақырыбында жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды кездесу өтті. 

Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының оқушылары Тараз қаласы ПБ Әулие Ата АПБ ҚҚБ ЮПТ-нің ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Заурбеков Азамат Мәлікұлымен кездесті.

Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, қоғамдық ортадағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ буллинг пен кибербуллингтен қорғану, интернеттегі қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп тақырыптарына ерекше назар аударылды. 

Оқушылар маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық жауапкершілік жөнінде пайдалы ақпарат алды.

 Іс-шара соңында оқушылар Д.А.Қонаев орталығындағы экспозициялармен танысып, тарихи-танымдық экскурсия тыңдады. 

Құқықтық сауатты ұрпақ – заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары қоғамның негізі!