«ТАРИХПЕН ТІЛДЕСУ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, тарихшы, археолог, өлкетанушы Күзембай Байбосыновтың 85 жылдығына арналған «Тарихпен тілдесу» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 1-ші экспозициялық залында Күзембай Байбосыновтың 85 жылдығына арналған экспозициялық бұрыштың ашылу салтанаты өтеді.
Іс-шараның мақсаты – К.Байбосыновтың ғылыми мұрасын зерделеу, оның Қазақстан тарихы, археология, музей ісі және өлкетану салаларының дамуына қосқан үлесін насихаттау, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен сақтау мәселелерін талқылау.
Өтетін күні: 15 қазан 2026 жыл
ЭКСПОЗИЦИЯЛЫҚ БҰРЫШТЫҢ АШЫЛУЫ
Уақыты: 09:00
Өтетін орны: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БАСТАЛУЫ
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы

14 октября 2026
24