«ТАРИХ, ТҰЛҒА, ТАҒДЫР!» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбегін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспарланған дәріс сабақтарының кестесіне сәйкес М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінде «Тарих, Тұлға, Тағдыр!» атты тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараға Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор Мырзашев Сағатбек Мырзашұлы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Бақыт Шағырбаев қатысып, оқушыларға Д.А. Қонаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі туралы мазмұнды мағлұматтар берді.
Кездесу барысында әнші Бақыт Шағырбаевтың орындауында Дінмұхамед Қонаевқа арналған «Дәуір тұлғасы» әні шырқалды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында «Кітап. Тарих. Шежіре» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.




09 апреля 2026
33