Жамбылский областной историко-краеведческий музей

ТАҒЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы мен Бауыржан Момышұлы музейі генерал-майор Рысбек Көшербаевпен тағылымды кездесу өткізді.

Рысбек Қалкенұлы — ел қауіпсіздігі жолында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарған, әскери салада мол тәжірибе жинаған тұлға. Жамбыл өңірінің тумасы бірнеше әскери академияны тәмамдап, Қазақстан Қарулы Күштері мен Ішкі әскер сапында жауапты қызметтер атқарған.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған «генерал-майор» әскери атағы берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік наградалармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталған.

Кездесу барысында Рысбек Қалкенұлы музейге арнайы келіп, өзіне арналған музей бұрышымен танысты. Батыр тұлғаның өмір жолы мен әскери қызметі — жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін жарқын үлгі.