«МУЗЕЙ – БАРШАҒА АШЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жамбыл облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» мүмкіндігі шектеулі азаматтарына арналған «Музей – баршаға ашық» тақырыбында экскурсия өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін музей кеңістігінде қолжетімді орта қалыптастыру және мәдени мұрамен танысуға тең мүмкіндік ұсыну.
Экскурсия барысында қатысушылар музей экспозицияларымен танысып, өңір тарихы мен Көне Тараз қаласынан табылған құнды жәдігерлер туралы мағлұмат алды.
Аталған іс-шара қоғамдағы инклюзивті ортаны дамытуға және тең мүмкіндіктер қағидатын нығайтуға өз үлесін қосты.



09 апреля 2026
31