«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне Түркістан облысы, Нұрлыкент ауылының кітапсүйер қауымы арнайы келіп, музей экспозицияларымен танысты.
Келушілерге «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында танымдық экскурсия жүргізіліп, халқымыздың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті мен рухани мұрасынан сыр шертетін құнды жәдігерлер таныстырылды.
Экскурсия барысында қонақтар музей қорындағы тарихи-археологиялық және этнографиялық жәдігерлерді тамашалап, олардың тарихы мен маңызы туралы қызықты мәліметтер алды. Әсіресе ұлттық қолөнер бұйымдары, тұрмыстық заттар мен дәстүрлі мәдениетке қатысты жәдігерлерге ерекше қызығушылық танытты.
Танымдық кездесу барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи мұраны сақтау және оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызы жөнінде пікір алмасу өтті.


21 августа 2026
36