Жамбылский областной историко-краеведческий музей

«ҒАСЫР АДАМЫ!» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспарланып бекітілген дәріс сабақтарының кестесіне сәйкес, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатында «Ғасыр адамы!» атты тағылымды кездесу өтті.

Аталған шараға Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы-Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, қоғам белсендісі - Сқақов Бегалы Аралбекұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Шағырбаев Бақыт Қысатайұлы қатысып өскелең ұрпаққа Д.А.Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген зор еңбектері туралы тағылымды мағлұмат берді.

Сонымен қатар, лицей оқушылары Ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлына арнап жазған өлең шумақтарын оқыды.

Кездесу соңында әнші Бақыт Шағырбаевтың орындауындағы Димаш атамызға арналған «Дәуір тұлғасы» атты әнімен жалғасын тапты.