Жамбылский областной историко-краеведческий музей

«БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН БОЛАШАҚҚА» АТТЫ ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залының қызметкерлері Тараз қаласындағы «Аю» балабақшасының тәрбиеленушілеріне «Балалық шақтан болашаққа» атты экскурсия ұйымдастырды.

 Экскурсия барысында бүлдіршіндер музей экспозицияларымен танысып, тарихи жәдігерлер туралы қызықты мәліметтер алды.

Іс-шараның мақсаты – балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, тарих пен мәдени мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру.