Жамбылский областной историко-краеведческий музей

А.ӘШІМОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А. Әшімов шығармашылық орталығы  қалалық И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының жазғы лагерь оқушыларына  жылжымалы көрме ұйымдастырды.

 Көрмеде  актер, режиссер, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтың өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды жәдігерлер таныстырылды. Оқушылар өнер майталманының балалық шағы, шығармашылық жолы және қазақ киносы мен театр өнерінің дамуына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды.

 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты ұлттық мәдениет пен өнер қайраткерлерінің мұрасымен таныстырып, олардың тарихи-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.