Жамбылский областной историко-краеведческий музей

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ «ТУҒАН ЖЕРІМ – ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ

1 қыркүйек – Білім күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А. Әшімов шығармашылық орталығының қызметкерлері қаладағы Қ. Рысқұлбеков саябағында «Туған жерім – тұғырым» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрме барысында қала тұрғындары мен қонақтарына көрнекті актер, режиссер, ҚР Халық әртісі, Еңбек Ері, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының иегері Асанәлі Әшімұлының өнері мен өмір жолынан сыр шертетін құнды жәдігерлер таныстырылды. 

Шара барысында Асанәлі Әшімовтің қазақ киносы мен театр өнерінің биік шыңына көтеріліп, сомдаған әрбір бейнесі арқылы көрермен жүрегінен ерекше орын алғаны, ұлттық өнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқаны кеңінен айтылды. Сонымен қатар, өнер саңлағының туған жерге деген ерекше ықыласы мен жүрекжарды ойлары да көпшілік назарына ұсынылды. Асанәлі Әшімұлының туған жердің топырағын қасиет тұтып, оның қадірін ешбір шетелмен салыстыруға келмейтінін, туған жердің топырағы жанға шипа екенін айтқан тағылымды сөздері көрменің мазмұнын тереңдете түсті.

Көрмеге келген қала тұрғындарымен оқушыларға, білімгерлерге ұсынылған әрбір жәдігерге ерекше қызығушылық танытып, Асанәлі Әшімовтің өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы тың деректермен танысты.